Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы » Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72836) 2-72-60
bookkeeping:
+7(72836) 2-72-60
Version for
visually impaired
18
November
2020

Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы

Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы төмендегідей мамандандырулар бойынша "Құқық қорғау қызметі" мамандығы бойынша күндізгі оқыту нысаны бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқытады:

ІІО-дағы сотқа дейінгі тергеп-тексеру; 

ІІО жедел-криминалистикалық қызметі (криминалистикалық, дактилоскопиялық, трасологиялық, баллистикалық зерттеу, суық қаруды зерттеу жүргізуге рұқсат алумен).

ОҚЫТУДАҒЫ АРТЫҚШЫЛЫҚТАР

- мемлекеттік тапсырыс негізінде қабылдау және оқыту. Тұрмысқа жайлы жатақханада тұру, стипендия алу, тамақпен, заттай жабдықталыммен қамтамасыз ету, күндізгі оқыту нысаны бойынша толық курсты бітіргендерге (оқыған кезеңі мерзімді әскери қызмет өткеруге теңестіріледі) каникулдық демалыс кезеңіне қалааралық автомобиль (таксиді қоспағанда), темiржол және су көлiгiмен тұрақты тұратын жеріне баруға және кейiн қайтуға жол жүру ақысы төленедi;
          - түлектерді арнайы бөлуге сәйкес оларды қызметін өткеруге жіберумен жұмысқа орналастыру;

         - оқу аяқталғаннан кейін бітірушілерге "құқық қорғау қызметі бакалавры" біліктілігі берілумен белгіленген үлгідегі диплом беріледі және Ішкі істер министрінің бұйрығымен "полиция лейтенанты" арнаулы атағы беріледі.

ОҚУҒА ТҮСУ ТӘРТІБІ

Құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында оқуға орта бiлiмi бар, жасы он алтыға толған адамдар қабылдана алады.

UNT тұрғылықты жері бойынша азаматтық оқу орындарының базасында 25 маусым мен 5 шілде аралығында өткізіледі. Талапкерлер UNT тапсыру кезінде Қазақстан Республикасы БҒМ 2017 жылғы 2 мамырдағы №204 бұйрығымен бекітілген UNT өткізу қағидаларының 5-қосымшасына сәйкес кез келген нұсқада (шығармашылық емтиханнан басқа) екі бейінді пәнді өз бетінше таңдай алады.  

Конкурсқа қатысу үшін UNT бойынша кемінде 50 балл, оның ішінде әрбір бейіндік пән бойынша кемінде 5 балл жинау қажет.

Құжаттар медициналық куәландыруға жолдама алу және қажетті құжаттарды ресімдеу үшін Академияның ресми интернет - ресурсы арқылы (kpa.gov.kz)  "бакалавриат" онлайн сілтемесі бойынша түскен жылдың 10 шілдесіне дейін қабылданады.

Медициналық куәландырудан, арнайы тексерістен және UNT сәтті өткен оқуға үміткерлер медициналық, дене бітімі және психофизиологиялық көрсеткіштер бойынша іріктеу нәтижелері ескеріле отырып, UNT қорытындысы бойынша сертификат балдарына сәйкес конкурсқа қатысу үшін Академияның оқу-далалық лагеріне шақырылады. https://www.instagram.com/tv/CHuCLt7HSqJ/?utm_source=ig_web_copy_link 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив