02
December
2021
"Жыныстық қол сұғылмаушылық"
2 желтоқсан күні мектебіміздің 8-11 сынып арасында "Жыныстық қол сұғылмаушылық" зорлық-зомбылықтан сақтандыру мақсатында қыздар жиналысы болып өтті. Жиналысқа Бақтыбай амбулаториясынан акушер дәрігері Е.К.Конавалова қатысты. Қыздар жиналысын мектеп-психологы Нуриманова С.Ж. ашып сөз сөйледі. Өз сөзінде мектеп-психологы қыздардың әдептілігі туралы, жеке бас гигиенасы туралы, тағы да басқа мәселелерді айтып өтті. Бақтыбай амбулаториясының акушер дәрігері Е.Конавалова "Жыныстық жолмен жұғатын жұқпалы аурулар" туралы баяндама жасады. Баяндамада дәрігер аурудың жұғу жолдары, инфекция көзі, сақтану, қорғану, алдын-алу жолдарын айтып өтті.
Сонымен қатар, қыздар арасындағы ерте жүктіліктің салдары, қорғану жолдары, денсаулыққа зияны, өмірге қауіптілігі туралы ауқымды әңгіме жүргізді, қыздардың жеке бас гигиенасы, тазалығы жайлы түсіндірме жұмыстарын жасады. Жиналыс соңында мектептің директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары З.А.Ордагулова кешкі уақытта қыдырмау, өзін дұрыс ұстау, ерсі қылықтар жасамау керек екендігін айтып, қыз балалардың жеке сұрақтары бойынша кеңес алу мекемемелерін нұсқап өтті.