Бүкіл Әлемдік Интернет » Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72836) 2-72-60
bookkeeping:
+7(72836) 2-72-60
Version for
visually impaired
08
November
2019

Бүкіл Әлемдік Интернет

Интернет – бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлер мен ұялы сымтетіктерді бір-бірімен байланыстыратын орасан зор желі. Бұл байланыс түрі ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, әлемде зор қарқынмен дамып келеді. Қазіргі заманда қажеттілікті тудырып отырған бүкіл ғаламдық күш ретінде ғаламтор желісі Қазақстандық ересек адамдар мен жасөспірімдердің өміріне әсер етуде. Оның адам баласына берер пайдасы мен зияны да жетерлік. Адам ұялы сымтетіктер мен компьютерлерге отырған кезде міндетті түрде интернетті пайдаланады VK, YouTube, Google, Instagram, WhatsApp, Facebook сынды санмың желілер алысты жақындатып, осы шақтағы уақытта адамдардың бір-бірімен байланысуына және түрлі мағлұматтар алуына, тіпті бейнебайланыс орнатуға септігін тигізуде. Әрине техника дәуірінде жан-жақты болған жақсы ғой, бірақ әр нәрсенің өз уақыты, орны болуы керек емес пе?
Оқушының санасын улайтын түрлі қауіпті сайттардан қорғау мақсатында Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы мектепте «Қауіпсіз интернет» атты ақпараттық науқаны ашылып, іс-шаралары жоспарланды. Науқан барысында мектебімізде «Жұлдыздар шеруі», «Дарынды оқушылар форумы» тақырыбында жалпы мектептік салтанатты саптүзеулер өтті. «Интернет дегеніміз не?», «Қауіпсіз интернет еліне саяхат», «Интернет пен денсаулық» тақырыбында сынып сағаттары өтті, «Пайдалы және қауіпсіз интернет», «Балаларға бала жасынан бастап қауіпсіз интернет қажет» тақырыбында оқушы білімін арттыратын ашық сабақтар жоғары дәрежеде жалғасып жатты, «Интернет және біз», «Интернет желісіндегі қауіпсіздік шаралары» атты дөңгелек үстелдер, «Интернетті қауіпсіздендіру бағытындағы шаралар», «Интернет: ия және жоқ», «Интернеттің алдын алу – оқушылар тәуелділігі» тақырыптарында шығармалар мен эссе сайыстары ұйымдастырылды.
Мектебімізде тәжірибелі тілшілер, психологтар, басқа мамандардың, ата-аналардың қатысуымен кездесулер ерекше әсер қалдырды. Интернет желісіндегі қауіпсіздік шаралары туралы қызу пікіралмасу ешкімнің көңілін тыс қалдырмады. «Қауіпсіз интернет» тақырыптарында плакаттар жарысы, «Желідегі қарым-қатынас этикасы» атты оқушылардың сөйлеу мәдениетін жақсартатын буклеттер сайыстары, «Интернет менің өмірімде» атты шығармашылық жұмыстар бойынша түрлі байқаулар өтіп жатыр.
Ғаламтор – күнделікті ішетін ас секілді санамызға еніп барады. Қазақстан интернеттен бас тарта алMayды. Егер біз ғаламтордан жапа шегеміз деп әлемдік өркениеттен, тез мағлұмат алу мен байланыс құралынан бас тартатын болсақ біртіндеп құлдырай бермекпіз. «Ауырып ем іздегенше, ауырMayтын жол ізде»,-деп қазақ халқы айтпақшы, ауырMayтын жолдарды жасап, монитор алдында күлгін сәулелерден қорғайтын қауіпсіздік ережелерін сақталық.
Мектеп – білім айдынындағы үлкен кеме. Осы кемеде әрбір бала он бір жыл уақыттын өткізеді. Киелі ордада әрдайым жұмыс қайнап жатады. Мұғалім қандай қиыншылықпен бетпе бет келсе де, шешімін әрдайым таба алады. «Қауіпсіз интернет» тақырыбындағы ақпараттық науқаны жоғары дәрежеде ұйымдастырылып, іске асырылды. Осы шаралардан соң мектеп оқушылары интернет желісін пайдалану қағидаларын жетік меңгерді деген үміттемін.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив