03
September
2020
«Мектепке жол» республикалық акциясы биыл да жалғасуда
Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы биыл да жалғасуда. Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету. Бақтыбай ауылдық округіндегі жеке кәсіпкер Бопебаев Төлеген Қисатайұлы 2 отбасын қашықтықтан оқуға қажетті жеке компьютермен қамтамасыз етті. Сонымен қатар, ауылымыздағы "Диас" дүкенінің иесі, жеке кәсіпкер Раисова Арай Рамазановнаның демеушілігімен балаларға қажетті киім-кешектер мен азық-түлік берілді. Сыйлықтарды тарту барысында оқушыларға тілектер айтылып, жаңа оқу жылы сәтті басталсын деп жылы лебіздерін білдірді.
Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы орта мектеп әкімшілігі демеушілерге көрсеткен көмектері үшін шекіз алғыс білдіреді.
Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы орта мектеп әкімшілігі демеушілерге көрсеткен көмектері үшін шекіз алғыс білдіреді.