«Бала қауіпсіздігі және қоршаған орта» атты ата-аналар жиналысы өткізілді
Жумадилов Сәкен Мұхамедрахимұлы ата-аналараға ерекше айта кеткені:
«Компьютер клубы, автожуу, ойын сауық орталықтары... Бұлар кәмелет жасына толмаған балалардың үйір болатын орындары. Осыны ескеріп тәулік бойы тыным таппай, кәмелетке толмағандардың ісімен айналысатын ювеналды полиция қызметкері арнайы рейд өткізуде. Тәртіп сақшыларының айтуынша, жасөспірімдер қылмысының көпшілігі ата-ананың бақылауынсыз қалған балалардың қатысуымен орын алады».
Сонымен қатар, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Курманова Р.И.: «Мектеп әкімшілігі бастауымен арнайы құрылған кезекші топтармен Бақтыбай ауылы аумағында түнгі рейд өткізудеміз. Яғни, кәмелеттік жасқа толмаған балаларға түнгі сағат 20:00-ден бастап ата-анасының және заңды өкілдердің қарауынсыз ойын-сауық мекемелерінде немесе үйден тыс жерлерде жүрген балаларға ескерту жасаудамыз»- деп ата-аналарға түсіндірді.
Бұл тексерістердің барлығы балалардың қауіпсіздігі үшін. «Тәртіпке бағынған құл болMayды». Сондықтан, жеткіншектердің түнгі уақытта жалғыз өзі жүрмеуін ата-аналар қатаң қадағалауы тиіс. Мұндай шара өзін-өзі қорғай алатындай жағдайға жете қоймаған жасөспірімдерді түрлі заң бұзушылықтан сақтайтынын естен шығармаған жөн.
https://www.instagram.com/p/CGjgGF6HBXQ/?utm_source=ig_web_copy_link