25
August
2021
Ата-аналар жиналысы өткізілді
Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы орта мектебінде 25 тамызда Zoom платформасы арқылы мектепшілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында мектеп директоры Оспанов Жанат Тәңірбергенұлы жаңа 2021-2022 оқу жылында мектеп оқушыларының офлайн режиміндегі оқыту нысаны туралы және қауіпсіздік шаралары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.