20
January
2023
Мектеп инспекторымен кездесу
5-7 сынып оқушыларына мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары З.А.Ордагулова және АӘД пәні мұғалімі Абдуллин Р.Х, мектеп инспекторы Танабаев Е.К. жиналыс өткізді. Оқушылардың құқықтық білімдері және заң алдындағы жауапкершіліктерін арттыру мақсатында, жасөспірімдерді қылмыстық әрекететтерден бойларын аулақ ұстауға шақырды. Қылмыстық жауапкершіліктің түрлерімен таныстырды. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыс жасау бүгінгі қоғамның күн тәртібінен түспейтін түйткілді мәселе екендігі туралы түсінік жұмыстарын жүргізді.
Жиналыс барысында қылмыстың алдын алу, баланың бұрыс жолға түспеуі, ата-ананың, мектеп пен мектеп инспекторларының бірлескен іс-қимылына байланысты екендігі туралы айтылып өтті.
Жиналыс барысында қылмыстың алдын алу, баланың бұрыс жолға түспеуі, ата-ананың, мектеп пен мектеп инспекторларының бірлескен іс-қимылына байланысты екендігі туралы айтылып өтті.