Жүректен жүреке Қайрымдылық акциясы » Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72836) 2-72-60
Есепші бөлімі:
+7(72836) 2-72-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
октябрь
2019

Жүректен жүреке Қайрымдылық акциясы

Жыл сайын дәстүрге айналған, жаңа оқу жылының қарсаңында қолға алынған  республикалық қайырымдылық акциясы биыл да Бақтыбай Жолбарысұлы жалпы  білім беретін мектепте «Жүректен жүрекке!» ұранымен өтіп жатыр.
Егеменді еліміздің жарқын болашағы бүгінгі жас бүлдіршіндер, сондықтан  барлық игі жақсылық пен  жүрек жылылығы балғын балаларға арналады.
Қазақтың ұлы ақыны Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым», — деген даналық сөзінде айтылғандай, «Жүректен жүрекке!» қайырымдылық акциясының негізгі мақсаты ­– ­мектебіміздегі әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларынан шыққан оқушыларға материалдық көмек  көрсету.
Әлеуметтік қолдауға зәру балаларға барынша көмек көрсету үшін мектеп  директоры Оспанов.Ж.Т, әлеуметтік педагог  демеушілер мен мецананттарға үндеу хаттар таратып, акцияға қатысуға шақырды.
Жаны жомарт, жүрегі нұрға толы демеушілеріміз оқушыларға қажетті мектеп формасын, спорттық киімдер, оқу-құралдары мен сөмкелер тарту етті. Сондай-ақ, осындай қайырымдылық іс-шарасында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.Ордагулова жағдайы төмен көпбалалы отбасынан  шыққан оқушыға мектеп формасына қаржылай көмек көрсетті.
Балаларға деген жүрек жылуын бөлісуге атсалысып, мейірімділік пен жомарттық танытқан демеушілерімізге мектеп атынан алғысымызды   білдіреміз.
Бала ­­– б­ауыр етіміз, балаға жасаған жақсылық – өзімізге жасаған жақсылық деп білейік! Аялы алақанымызды, қолұшымызды созып, қайырымдылық жасап, көмек қолын күткен әрбір жанның жүрегіне жылылық ұялатып, өмірге деген көзқарасын өзгерту – барлық адамзаттың борышы. Мектебімізде әлі де осындай игі істер жалғасын табады деп сенеміз.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив