"Тілге құрмет - елге құрмет" атты мәнерлеп оқу кеші
8 қыркүйек күні Қазақстан халқы тілдер күніне орай, қазақ, орыс бастауыш сыныптарының қатысуымен "Тілге құрмет-елге құрмет"атты мәнерлеп оқу кеші өтті. Бастауыш сынып оқушылары бір жұдырықтай жұмыла, белсене қатысты.Тіл мерекесіне арналған кешке қазақ, орыс ұлт өкілдерінің балалары өз ана тілінде өлең оқып, өнерлерін ортаға салды.Кешіміздің қорытынды сөзін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - Ордагулова З.А. мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дунчебаева М.Қ. аяқтады.