Үйде оқытылатын оқушылардың ұстаздарымен жиналыс өткізілді
Мектеп директоры Ж.Т.Оспанов пән мұғалімдерін үйде оқытылатын балаларды жалпы білім беру мектебінің оқу бағдарламаларымен оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдармен таныстыра отырып, үйде оқыту – білім беру немесе оқыту формасы емес, білім алу қажеттілігі ерекше балаларға оқыту процесін ұйымдастыру болып табылатынын түсіндірді. Мектеп директорының оқу ісі жөніңдегі орынбасары А.Н.Сейтниязова 2022-2023 оқу жылында мектеп бойынша үйде оқытылатын оқушылармен таныстырды.