14
октябрь
2021
«Қолғанат» тобы жұмыс істеуде
Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы орта мектебінде «Қолғанат» тобы жұмыс істеуде, оның мақсаты –оқушыларды мейірбандыққа, қайырымдылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелей отырып, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, тыл, еңбек ардагерлеріне және мүгедек адамдарға, зейнеткерлерге, жалғыз басты қарт адамдарға көмек көрсету арқылы болашақ ұрпақты рухани адамгершілік қасиетке тәрбиелеу». Осыған орай мектеп оқушылары Жансүгіров көшесінде тұратын жалғызбасты апамыз Каратаева Нина Анатольевнаға өз көмектерін көрсетіп қайтты. Оқушылар аулада өсіп тұрған шөптен тазалап берді. Игі іс әлі жалғасын табары анық.