"Тілім менің - қазынам, қасиетім" атты сынып сағатын өткізілді.
Тіл мерекесіне арналған сынып сағаты 5 "а" сыныбының жетекшісі Ченемесова Ұшқын Табысбекқызы оқушылармен "Тілім менің - қазынам, қасиетім" атты сынып сағатын өткізді. Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу.