Күнделікті өмірімізде жетістікке қалай жету керек, жетістікке жеткен адам кім? » Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталылығмен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72836) 2-72-60
Есепші бөлімі:
+7(72836) 2-72-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Күнделікті өмірімізде жетістікке қалай жету керек, жетістікке жеткен адам кім?
23
сентябрь
2022

Күнделікті өмірімізде жетістікке қалай жету керек, жетістікке жеткен адам кім?

Сәлеметсіздерме!

Күнделікті өмірімізде жетістікке қалай жету керек, жетістікке жеткен адам кім? Деген сұрақтарды өзімізге жиі қоямыз. Жетістікке барлық адам болмасада көпшілігі жете алады. Ең алдымен мақсат қойып, соған іс әрекет жасауымыз керек, яғни ертеңгі жаңа асуларды алу үшін сіз дәл қазір іс әрекет жасау керек екенін түсінуіңіз керек. Жетістікке жеткісі келетін адамда «Жетер, күттік - енді қимылдау керек» деген секілді өзінің ұраны болу тиіс. Нағыз шынайы байлық – бұл біздің талантымыз, осы талантымызды дамытуға деген қабілеттеріміз.

Ал, енді жетістікке жету неден басталады? Әлемде және Қазақстанда танымал азаматтар кім?

Кім біледі Ник Вуичич кім екенін

Ник Вуйчич қазіргі таңдағы ең әлеуетті мотивациялық оратор болып табылады. Әлемнің кез келген түкпірінде оның сөзін тыңдайтындар үнемі табылып, оның айтқандарынан кейін адамдарды істі қайтадан бастауға бір нәрсе түрткілейді. Ник Вуйчичты көргеннен кейін адамдардың өзгергісі келетін өзіндік себептері бар. Яғни адамдар бұл өмірде қаншама қиындақтар болса да, мойымай, өз мақсаттарына жетуге болатынын ұғынады.
 
 Вуйчич тумасынан инвалид: тумасынан екі қолсыз, аяқсыз. Осындай диагнозы бар адамдар негізінде төсекке танылып, өмірінен үміт үзетін сияқты, алайда Ник мұнымен келіскісі келмеді. Оның өмірінде де инвалидтерге тән нағыз өмірге деген адаптация жүргенде қиындықтар бірталай рет болды.
 
 Өмірдегі ең басты сабақты ол балалық шағында-ақ алды - сәтсіздіктер мен қиындықтар уақытша, қараңғы түндердің артынан жарқыраған күн шығады, тек тағдырдың соққыларына дес бермей, мойымау керек екен. Никтің осындай жағдайымен қазіргідей жетістікке жетеді деп ешкім ойлаған жоқ.
 
 

Сонымен, бұл жазбадан түюге болатын бір ой ол: бұл өмірде мүмкін емес деген нәрсе жоқ. Аяқсыз, қолсыз Ник Вуйчич бір өзі қаншама іс тындырып жатқанда, аяқ-қолдары балғадай ағаларымыз үйде жатқаны ерсі нәрсе екен. Ал қазіргі таңда біздегі болып жатқан проблемаларымыз менің ойымша Никтің басынан өткен қиыншылықтардың қасында түк емес. "Қолымнан келмейді", "Уақытым жоқ!"  деген сылтауларымызды қойып, осы азаматтан үлгі алайық! Аяқ-қолсыз болса да біршама сап-сау адамдарға қарағанда толыққандырақ өмір сүріп жатыр. Әркімді кінәлай беруді қойып! Жауапкершілікті өз мойнымызға алып, өзіңіздегі жасырын күшті шығаратын уақыт келді!

Енді, Ел тарихындағы екінші алтын. Яғни,   Давид Дегтярев Токиодағы паралимпиада ойындарында чемпион атанды. Түрлі қиындықты жеңіп, үздік өнерімен озған атбасарлық пауэрлифтер мен мүмкіндігі шектеулі өзге де атлеттер қайсарлығы және табандылығымен күллі әлемдегі миллиондаған жанкүйерін тәнті етіп келді. Міне, ауыр атлетикамен аяқ асты айналасып осындай жетістіктерге жетті.


Профессор дәрісті бастамас бұрын, қолына су толы стақан алды да, студенттерден:


– Мына стақанның салмағы қанша, кім біледі? - деп сұрады.


Студенттер өзара сыбырласа бастады.


– Шамамен екі жүз грамм.

– Үш жүз.

– Төрт жүз грамм.


– Шынымды айтсам, дұрыс жауапты өзім де білмеймін. Бірақ қазір бұл маңызды емес. Ендігі сұрақ мынадай: Қолымды созып, осы стақанды екі минут бойы ұстап тұрсам не болады?


– Ештеңе бола қоймас, - деп мән-жайды түсінбеген студенттер бір-біріне таңдана қарады.


– Шынында да ештеңе болмайды. Ал екі сағат ұстап тұра берсем ше?


– Қолыңыз талып қалады ғой.


– Ал күні бойы қолымнан тастамай көтеріп тұра берсем не болады?


– Қолыңыз жансызданып, сал боп қалуыңыз да мүмкін.


– Қалай ойлайсыңдар, күні бойы көтеріп тұрғаннан стақанның салмағы өзгере ме?


– Жоға, қайдан өзгерсін, - деп студенттер әлі түк түсінер емес.


– Біз бұл жағдайды қалай өзгерте аламыз?


– Жай ғана стақанда орнына қойсаңыз болды, - деді бір студент сенімді түрде.


– Дәл солай! - деп профессордың дауысы қаттырақ шығып кетті. – Естеріңізде болсын, өмірдегі кез келген қиындыққа осы стақан секілді қарау керек. Бір мәселені екі минут ойласаң, ол жадыңда тұрады. Екі сағат бойы соны ойлай берсең, жаныңды жегідей жеп жібереді. Ал күні бойы, бірнеше күн бір нәрсені ойлап бас қатыра берсең, құрдымға ұшырайсың.


Ұзақ ойлай бергеннен, мәселе шешілмейді, керісінше ұлғая береді. Бас қатыра бергенше, әрекет еткенде ғана нәтиже болады.


Мәселе бар ма, шешіңіз немесе оны ойыңыздан шығарыңыз. Күнделікті "істеуім керек еді" деп кейінге қалдырып жүрген шаруаларыңыз да осылай жиналып-жиналып басыңызды ауыртады. Сондықтан әр істі уақытылы жасап тастауды әдетке айналдырыңыз.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив