10
ноябрь
2021
2021-2022 оқу жылының I тоқсанындағы атқарылған іс-шаралар есебі

2021-2022 оқу жылына тақырыптар талқыланып, жоспарлар жасалды.
2021-2022 оқу жылының жұмыс жоспарына сәйкес құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың, ерте жүктіліктін, тұрмыс жағдайы төмен отбасылармен жұмыс жоспарлары құрылып бекітілді. Қашықтықтан оқу үдерісінің оффлайн оқу жүйесіне ауысуына байланысты әр сыныпқа жеке-жеке «Мектептің ішкі тәртіп ережесі» таныстырылды. Жоспарға сәйкес құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша мектеп инспекторы, әлеуметтік педагог, мектеп психологтары 5-11 сынып оқушыларымен түрлі тақырыпта кездесулер өткізді. Оқушылар арасында аталған тақырыптар бойынша анонимді сауалнамалар алынып, қорытындысы талданды және талдау нәтижесі бойынша жұмыстар жасалды.Мысалға буллинг, бопсалау, «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ», зиянды әдеттер, «Түнгі қаладағы балалар» рейдтік іс-шаралары, мектептегі татуласу қызметі, «Жолдағы қауіпсіздік-өмір қауіпсіздігі», мектептің ішкі тәртібін бұзған оқушылардың ата-аналарымен кездесулер мен түсіндірме жұмыстары өткізілді. Мектеп инспекторы И.С.Омарбаевпен бірлесіп мектептің 5-11 сыныптарда оқитын ұлдарымен және қыздарымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында кәмелеттік жасқа толмағандардың заңды өкілдеріне және кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерге қандай шара қолданылатыны туралы заңнамаларға сүйене отырып дәлелдемелер келтіріп, түсініктеме берілді. Әр бейсенбі сайын мектеп мұғалімдері «Түнгі қаладағы балалар» кешкі кезекшіліктеріне шығып оқушылардың кешкі 21.00 мен 24.00аралығында заңды өкілдерінің қарауынсыз көшеде жүрмеуін қадағалайды. Кешкі қараусыздық болған жағдайда ата-аналарын хабардар етіп, КЖТІЖ инспекторы тапсырылады. Мектеп психологтары тарапынан ата-аналармен «Ата-аналардың құқықтық мәдениеті» тақырыбында онлайн жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында отбасы құндылықтары туралы, ата-ананың бала алдындағы борышы, отбасындағы қарым-қатынастың маңыздылығы туралы «Бала – ата-ананың айнасы» атты бейнероликтер көрсетілді. Сынып жетекшілері тарапынан «Отбасы құндылықтары» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті.
Зорлық-зомбылықтың алдын алу барысында қыздар мен ұлдар арасында сұхбаттасу, анонимді сауалнама алу өткізілді. Ерте жүктілік, жыныстық тиіспеушілік, отбасындағы зорлық тақырыптарында бейнероликтер көрсітілді және мектеп медбикелері тарапынан қыз баланың гигиенасы туралы мағлұмат берілді.
Мектептің әлеуметтік педагогі мектеп оқушыларының әлеуметтік статусын анықтап, тұрмыстық жағдайы нашар отбасыларын анықтады. Тұрмыстық жағдайы төмен отбасында тәрбиеленіп жатқан мектеп оқушыларын оқумен қамту мақсатында әлеуметтік көмектер ұйымдастырды. Сәтсіз отбасынан шыққан балаларды күнделікті бақылап сабаққа қатысуын, сыныптастарымен қарым-қатынасын бақылап отырады. І тоқсан барысында 103 оқушыға көмек көрсетілді. Мектепішілік және АПБ есебінде тұрған оқушылардың ата-аналарымен «Бала құқығы», «Ата-аналардың бала алдындағы міндеті» тақырыптарында жеке кездесулер мен әңгімелесулер жүргізді.
І тоқсан бойы «Мектептің татуластыру қызмет» 6 медиация шарасын өткізді. Олар оқушылар арасындағы кикілжіңдерді шешу тақырыбында өтті. Медиация комиссиясының отырыстары нәтижелі болып, ата-аналар мен оқушылар өзара келісімге келді.
Өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу бойынша оқушылар 7-11 сынып оқушылар арасында «Ресурс» бағдарламасы бойынша сауалнама жүргізілді.
Ата-аналар арасында «Жағымсыз ойды, жағымды ойға айналдыр» атты онлайн жиналыс өткізілді. Ата-ана чаттарына және желі парақшаларға жаднамалар жіберілді.
Орындаған:
Әлеуметтік педагог: Ибрашева Б.Ж.
Педагог психолог: Нуриманова С.Ж.
Бейсетов А.А.