Ата-аналарға арналған жадынама » Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72836) 2-72-60
Есепші бөлімі:
+7(72836) 2-72-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
сентябрь
2024

Ата-аналарға арналған жадынама

Құрметті ата-ана!
Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз - өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы шешуші рөл атқарады.
Сіз ата анасыз. Сіз өз балаңызды сүйесіз және оған бақыт пен тілейсіз. Сіз балаңызды зиян келтіретін нәрсенің бәрінен қорғауға әзірсіз. Олай болса, балаңызды зиянды әдеттерден сақтандырып, өзгенің ақысын жемеуге, әрдайым әділ, адал болуға үйретіңіз. 
Бала-біздің болашағымыз! 
Балаңызбен қалай қарым-қатынас жасау керек?
  • Баланы қабылдау ­– оны жақсы көру деген сөз. Баланы әдемілігі, қабілеттілігі, үздік оқығаны үшін, әрқашан көмектесетіні үшін жақсы көрмей, оның бар болғаны үшін жақсы көрген жөн.
  • Балаңызға өз сезіміңізді айтқанда бірінші жақтан айтыңыз. Яғни ол және оның мінез-құлқы жайлы емес, өзіңіз, өз сезінулеріңізді жайында айтыңыз.
  • Балаңызға талап қою мен тыйым салуды айтқанда бұйрық жасап емес, достық-түсіндірмелі тонда хабарлаңыз.
  • Баланы жазалағанда жамандық қылмай, оны жақсыдан шектеген жақсырақ.
  • Балаңызды күніне төрттен артық, тіпті сегіз реттен құшақтаңыз.