12
ноябрь
2020
"Баланың мектепке оралуы кезінде психологиялық денсаулықты қолдау" атты онлайн ата-аналар жиналысы
Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы орта мектебінде "Бала құқығы - адам құқығы" Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес "Әрбір бала үшін", "Баланың мектепке оралуы кезінде психологиялық денсаулықты қолдау" атты онлайн ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында мектеп директоры Оспанов Жанат Тәңірбергенұлы бірінші тоқсанның қорытындысымен таныстырды. Сондай-ақ мектеп психологтары Нуриманова Сания Жориковна және Ахмеджанова Динара Оратаевна ата-аналарға балаларға мектепке оралуы кезінде қалай психологиялық қолдау көрсету керектігін жағдаяттар арқылы түсіндірді.