"Мектепке жол" республикалық акциясы жалғасуда.
"Мектепке жол" республикалық акциясы жалғасуда. Акцияның мақсаты – аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы жайсыз отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу. Мектебімізде оқушыларға мектепке дайындыққа көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Көмекке мұқтаж балалардың деректер базасы құрылып, ата-аналардың өтініштері қабылданып көмек ұйымдастырылуда.