11
ноябрь
2021
«Қолғанат» тобы жұмыс істеуде
Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы орта мектебінде «Қолғанат» тобы жұмыс істеуде, оның мақсаты –оқушыларды мейірбандыққа, қайырымдылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелей отырып, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, тыл, еңбек ардагерлеріне және мүгедек адамдарға, зейнеткерлерге, жалғыз басты қарт адамдарға көмек көрсету арқылы болашақ ұрпақты рухани адамгершілік қасиетке тәрбиелеу». Осыған орай мектеп оқушылары 3 желтоқсан күні Сүйінбай көшесінде тұратын жалғызбасты зейнеткер атамыз Кауц От Отовичке өз көмектерін көрсетіп қайтты. Оқушылар ауланы тазалап берді. Игі іс әлі жалғасын табары анық.
https://www.instagram.com/tv/CXBTTTToWn6/?utm_source=ig_web_copy_link
https://www.instagram.com/tv/CXBTTTToWn6/?utm_source=ig_web_copy_link