Қамқоршылар күніне орай құттықтау өткізілді
29-қазан күні бекітілген жұмыс жоспарына сай "Қамқоршылар күні" мерекесіне арналған іс-шаралар іске асырылды. Оқушылар арасында "Бақытты отбасы" тақырыбында сурет байқауы жарияланып, 6а сынып оқушысы Тұрғанбек Есбол тақырыпқа сай ең жақсы салынған сурет болып, марапатталды. Ал қамқорлыққа алынған оқушылар өз қамқоршыларына арнап алғыс сөздерімен бейне жолдау арнады. 29-қазан күні мектеп әкімшілігі үйлеріне барып мерекемен құттықтар, алғыс хаттарын табыстап, ізгі тілектері мен алғысын жеткізді